Мектеп аттестатын жоғалтқан жағдайда

Оқуға тапсыру үшін бірнеше құжат керек. Олардың арасында мектеп бітіру аттестаты да бар. Оқуға тапсыруға аз уақыт қалғанда аттестатыңызды жоғалтып алсаңыз ше? Мектеп бітіру аттестатын жоғалтып алған болсаңыз, телнұсқасын (дубликат) жасау...


Подробнее...

Мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру тобындағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру жолдары

Бүгінгі таңда білім беру саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр, ал бұл мұғалім жұмысына жаңа талаптар қоятыны белгілі. Білім беру үдерісі мұғалімнен балаға білімді «дайын күйінде» беруді емес, керісінше, білімді әр...


Подробнее...

Әлемдегі жетекші университеттердің тегін онлайн курс сабақтары

Қазіргі таңда көптеген алдыңғы қатарлы университетте тегін білім беретін жеке online курс сабақтары бар. Осыған сәйкес төменгі тізімде өз білімін шыңдаймын немесе біліктілігімді арттырамын деушілерге арнап үздік деп танылған бірнеше...


Подробнее...
123

ШҚО ардагерлері Елбасының жаңа жылдық құттықтауына алғыс айтты

ШҚО әкімі Даниал Ахметов алдымен Ұлы Отан соғысының ардагері Қабду Карменовтың үйіне барып, 97 жастағы ардагер-қарияны құттықтады. Марқакөл ауданында дүниеге келген ардагер соғысқа дейін ауылдық Кеңестің хатшысы қызметін атқарған. Соғыс кезінде Белоруссия, Украина даласында майдангер болып, Берлинге дейінгі жолды жүріп өткен. Елге оралғаннан кейін АӘД сабағынан тәлімгер болып бастап, Боран совхозында басшылық еткен. Қабду қария соғысқа қатысқаны үшін І дәрежелі Отан соғысының Ордені және «Германиядағы Жеңіс үшін» медалімен бірге, бейбіт өмірде атқарған жемісті еңбегі үшін «Құрмет белгісімен» және Ленин Орденімен марапатталған. Жұбайы 94 жастағы Зәкен Сахановамен бірге 10 баланы тәрбиелеп өсіріп, 22 немере, 4 шөберенің қызығын көріп отыр.



Елбасының ардагерлерге деген ықыласына тәнті болған қария Мемлекет басшысының Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңындағы жаңа жылдық құттықтауына алғысын жеткізді. 

«Жалғыз 9 мамырда ғана емес, әрдайым Елбасының назарында болғанымыз бізді шын жүректен қуантады», – деді ардагер қария.

Осыдан кейін өңір басшысы соғыс ардагерлері Татьяна Пименова, Дмитрий Москальцов, Надежда Колобованың үйіне барып, Елбасының құттықтауын табыстады. Құттықтау хатпен қатар, ардагерлердің барлығына Елбасының өмірбаяны туралы кітап, мерекелік дастарханға арналған себет толы сый-сияпат пен «айпад» табыс етілді.

Облыс әкімімен болған сұхбат барысында ардагерлер Мемлекет басшысына деген құрметтің ерекше екенін айтып, жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын білдірді. 

«Көшбасшымыздың ардагерлерге көңіл бөліп, арнайы құттықтау жолдап отырғаны бізді ерекше тебірентті. Көп ұлттың басын біріктіріп, бірегей мемлекет құрып отырған Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі ерлікпен пара-пар. Біз Елбасымызға шексіз алғысымызды білдіреміз», − деді Дмитрий Москальцов.

Бұдан өзге облыс әкімінің орынбасарлары мен қала, аудан әкімдері өңірдің барлық аудандары мен қалаларында тұратын 642 ардагердің шаңырағына барып, Елбасының мерекелік құттықтауын табыстады.



 

ШҚО Ақпараттық орталығы

Все права защищены.

При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.

При использовании материалов BNews.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».

Кіру  \/  Тіркелу  \/ 

Login to your account

Тіркелу

Сіз енгізген ат дұрыс емес.
Please enter a valid username. No spaces, at least 2 characters and must not contain the following characters: < > \ " ' % ; ( ) &
Құпия сөз қате.
Құпия сөздер сәйкес келмейді. Қалаған құпия сөзіңізді құпия сөз және растау деген жерлерге енгізіңіз.
Электронды пошта мекен-жайы жарамайды
Электронды пошта мекен-жайлары сәйкес келмейді. Электронды поштаңыздың мекен-жайын мекен-жай және мекен-жайды растау деген жерлерге енгізіңіз.
* * Толтыру міндетті

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Маусым 2016 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30